Университет ішілік пәндік олимпиада

16 ақпанында Мемлекеттік және жергілікті басқару, Менеджмент мамандықтарының студенттері арасында «Экономика және құқық» факультеті «Менеджмент» кафедрасында пәндік университет ішілік олимпиада өткізілді.

Пәндік олимпиада үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде командалар  арасында мамандықтардың  презентациялары  бағаланды. Барлық командалар өз тапсырмаларын жоғары деңгейде орындап, өздері оқитын мамандықтары туралы және студенттер туралы  толық ақпараттар берді.Екінші кезеңде команда капитандары өз мамандықтары бойынша алған терең теориялық білімдерін көрсетті. Олимпиаданың үшінші раундында командалар ҚР мен Маңғыстау облысының нақты даму проблемаларын шешуге арналған жобаларды ұсынды. Әрбір команда проблемаға ықтимал шешімдерді ұсынды, оларды жүзеге асырудың артықшылықтары мен тәуекелдерін әділ қазылар алқасы бағалады. Олимпиада женімпаздары әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде өтетін Республикалық олимпиадаға қатысуға жолдама алды.