Ахмет Ясауи университетінде іс-сапарда

Yessenov University басшылығы еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының үздік тәжірибелерімен танысып, оқу үрдісін цифрландыруды жаңғырту мақсатында Ахмет Ясауи университетінде іс-сапарда болды. Іс-cапар барысында университет кампусы, Түркі халықтар мұражайы, ғылыми кітапхана және оқу-орнының базасымен танысып, ой бөлісті. Университеттің үздік технологиялармен жабдықталған зертханаларының жұмыстарымен танысты.

Кездесу соңында екі университет арасындағы ынтымақтастық бағыттары бойынша келіссөздер жүргізілді.