«Рухани жаңғыру және дін танымы» тақырыбында семинар өткізілді

16 ақпанында «Мұнай және газ»  факультетінің оқытушылары мен студенттер қауымына «Рухани жаңғыру және дін танымы» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар мақсаты – студент жастарды діни сауаттылыққа тарту, діни экстремизм жөнінде мағұлмат беру, діни – саяси экстремизм мемлекет қауіпсіздігіне нұсқан келтіретіндігіне мән беру және бұл келеңсіз ағымдардың зиянды әрекеттерін болдырмаудың алдын алу шарттарын талқылау.

Жиында Маңғыстау облыстық дін істері басқармасының мамандары қатысты.

Студенттер мен оқытушылар тарапынан тақырып бойынша сұрақтар қойылып, оларға нәтижелі жауаптар алды.