Әлкей Хақанұлы Марғұланның еңбектері

16 сәуір күні Yessenov University-де ғылым айлығы аясында Маңғышлақ meeting room-да «Тарих» кафедрасының ұйымдастыруымен
«Академик Әлкей Хақанұлы Марғұлан еңбектеріндегі қазақ халқының мәдени-тарихи мұрасын зерттеудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы Әлкей Марғұланның 120 жылдығына арналған мерейтойлық ғылыми семинар өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденісін арттыру, Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, ғылымның көптеген салалары: этнография, тарих, шығыстану, әдебиеттану, өнертану бойынша көрнекті қайраткер Әлкей Марғұланның ғылым және білім жолында қосқан үлесін таныстыру.

Іс-шара барысында «Ғалымның ғылыми мұрасы» атты көркем деректі тарихи фильмі көрсетіліп, «Әлкей Хақанұлы Марғұланның өмір жолына шолу» тақырыбында саяси ғылымдарының докторы, профессор Жаулин Киікбай Мыңбайұлы, «Әлкей Хақанұлы Марғұланның қызметі» тақырыбында тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Китигулов Сәлім Базарбекұлы, «Қазақстанның археологиялық ескерткіштері: тарихи-мәдени зерттеу мен сақтаудың өзекті мәселелері» тақырыбында PhD Нурманова Аягөз Қайырғалиқызы, «Ә.Марғұланның қазақ тарихы мен этнографиясы саласындағы еңбектері мен зерттеулері» тақырыбында тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Едилханова Светлана Алхажановна баяндамаларын оқыды.

Сонымен қатар, студенттер өз өнерлерін паш етіп, күй, терме орындалып, шара қорытындыланды.