Мақтымқұлының рухани мұрасы – достық пен бейбітшіліктің символы

16 сәуір күні Yessenov University ғимаратында «Мақтымқұлының рухани мұрасы – достық пен бейбітшіліктің символы» атты ұлы түрікмен ақыны мен ойшылы Мақтымқұлы Пырағының 300 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми конференция өтті.

Конференция аясында Түрікменстанның Мемлекеттік мәдени орталығының экспонаттарымен Түрікменстанның өнер туындылары көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде көптің назарына түрікмен халқының қолөнер туындылары, зергерлік және тоқыма бұйымдары, ұлттық киімдер, шеберлердің қолынан шыққан жүннен тоқылған әйгілі түрікмен кілемдері ұсынылды.

Берік Бақытжанұлы халықаралық ғылыми конференция жұмысын қорытындылай келе, Түрікменстаннан келген қатысушыларға алғысын білдіріп, шара екі елдің арасындағы байланысты нығайтуға лайықты үлес қосатынына сенімін білдірді.