Эвакуацияланған Құлсары тұрғындары үшін мерекелік шара

10 сәуір күні Ораза айт мейрамына орай Yessenov University және Ақтау қаласының еріктілерінің ұйымдастыруымен университет жатақханасында уақытша тұрып жатқан эвакуацияланған Құлсары тұрғындары үшін мерекелік шара өтті.

Іс-шара қонақтарына дәмді тағамдар ұсынылды, қызықты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, және де талантты жастардың орындауында қазақтың дәстүрлі әндері шырқалды, ал балалар үшін арнайы шақырылған аниматорлармен түрлі ойындар өткізілді.