Технологический форсайт компетенций

19-23 желтоқсан аралығында Yessenov University-де «Skills Technology Foresight әдісі негізінде Қазақстан өңірлерінің жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атластарын әзірлеу» нысаналы қаржыландыру бағдарламасы бойынша форсайт мектебі шеңберінде болжау Форсайт-сессиясы өтті.
Жетекші ресейлік мамандар: білім беру саласындағы халықаралық сарапшы Дмитрий Судаков, жұмысшы кадрларға қажеттілікті болжау саласындағы халықаралық сарапшы Евгений Виноградов, жаңа кәсіптер Атласы жобасының бас құрастырушысы, журналист Дарья Варламова және білімді басқару саласындағы маман Даниил Засыпкин қатысушылар үшін дәрістерін өткізді.
Бағдарламаға Батыс Қазақстан университеттерінің: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті және С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің өкілдері қатысты.
Форсайт мектебінің бағдарламасы модератор және құрастырушы позицияларынан болашақтың бейнесімен жұмыс істеуді, жұмыс тапсырмалары мен жаттығуларды орындауды қамтыды.
Іс-шара барысында сарапшылар мен қатысушылар трендтерге талдау жүргізді, көрсетілген уақыт кезеңінде салаға әсер ететін болашақ карталарын жасады, маңызды жұмыс міндеттерінің тізімін және құзыреттердегі кемшіліктерді анықтады, кәсіби кадрларды даярлауды өзгерту үшін жобалық ұсыныстар әзірледі.
Жаңа кәсіптер мен құзыреттер Атласының Форсайт-сессиясы қоғамның қазіргі әлемдегі барлық талаптары мен қажеттіліктеріне жауап беруі үшін Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін жетілдіру бағытындағы маңызды қадам болып табылады.