Yessenov University-де Smart Zholy бағдарламасы аясында оқу курстары ұйымдастырылды

Spread the love

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры жас қазақстандық бағдарламашылар мен стартаптарға арналған Smart Zholy бірегей бағдарламасының екінші кезеңін бастайды.

20 финалдық команда сингапурлық мамандардың менторлық қолдауынан өтеді, одан кейін өздерінің жобаларын азиялық корпорациялар мен венчурлық қорлардың алдына ұсынады, өз кезегінде олар 5 үздік стартапты таңдайды.

Қазақстандық бес үздік стартап өздерінің инновациялық өнімдерін және сервистерін үстіміздегі маусымда Сингапурде өтетін Echelon Asia Summit ірі технологиялық конференциясына ұсына алады және әлемдік деңгейде қарқынды дамып келе жатқан Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына шығуға мүмкіндік алады.

Осы бағдарлаама аясында 4-5 сәуір күндері Yessenov University-де оқытушылар мен студенттерге арнайы тренингтер мен оқыту курстары өткізілді. Тренингке қатысушылар ойлау-дизайны, lean-стартап, инвесторға стартапты презентациялау (питчинг) және т.б. курстарын оқыды.

Оқу соңында оқытушыларға кәсіпкерлік негіздері, сонымен қоса ойлау дизайны, үнемді стартап, тұтынушыны зерттеу, бизнес-модель, инвесторға стартапты презентациялау курсы бойынша сертификат табысталды.