Облыстық пікірсайыс турнирі өтті

6 сәуір күні «Экономика және құқық» факультетінің ұйымдастыруымен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қолдауымен Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» Мақаласын жүзеге асыру мақсатында облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Пікірсайысқа Yessenov University студенттері, «Білім – инновация» лицей – интернаты, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Маңғыстау гуманитарлық колледжі және Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығының пікірсайысшылары қатысты.

Пікірсайыстың негізгі мақсаты – Yessenov University студенттерінің ұйымдастырушылық және критикалық ойлауын дамыта отырып, еліне елеулі қызмет ететін болашақ көшбасшыларды дайындау мақсатында, пікірсайыс технологиясы бойынша тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастыру. Сонымен қатар, Қазақстандық қоғамдағы және әлемдік қауымдастықтағы көкейтесті мәселелерді көпшілік алдында талқылау мен сараптау жолдары арқылы, жастардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділіктерін арттыру.