YESSENOV GRADUATION 2022

1 шілде күні Yеssenov University бітіруші түлектеріне диплом  тапсыру рәсімі өтті. Шараға АҚ «Forte Bank» директоры, облыстық мәслихат хатшысы Аббат Өрісбаев университет профессорлық оқытушылық құрамы, басшылығы, 6  факультеттің бітіруші түлектері және ата-аналар қатысты.

 

Биыл оқу ордасын 162 магистр және күндізгі бөлім бойынша 1447 бакалавр бітірді. Оның ішінде  50 үздік диплом иегерлерлері бар. Олардың әрқайысы білікті маман ретінде жемісті еңбек етуге дайын.

 

Бүгінде Yessenov University «Ашықтық. Ықыластылық. Креативтілік» бағытындағы құндылықтарын белгілеп, жоғары білім мен ғылым саласындағы үздік оқу орындарының біріне айналды.  

 

Маңғыстау облысының ғана емес, қазақ елінің әр түкпірінен және Каспий аймағы елдерінен келіп оқып жүрген студенттеріміз академиялық ұтқырлық бағдарламасымен әлемнің кез келген университетіне ауысып немесе тағылымдамадан өту арқылы ортақ бағдарламада білімін жалғастыруға мүмкіндіктері бар.