XII жазғы Универсиаданың футзал ойындары аяқталды⚽

Футзал ойындарының қорытындысы
 
XII жазғы Универсиаданың футзал ойындары аяқталды⚽
 
Барлығы 26 университет командасы қатысқан тартысты ойындар нәтижесінде жартылай финалға төрт команда іріктеліп шықты.
 
Бүгінгі алғашқы кездесу Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті (Korkyt Ata University) мен Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University) арасында өтті.
 
Екінші ойында Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Abai University) мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (Zhubanov University) кездесті.
 
Жанкүйерлер асыға күткен финалға Yessenov University мен Abai University шықты.
 
Қорытынды ойын Abai University пайдасына шешілді.
 
Футзал ойындарының марапаттау рәсімінде жеңімпаз командаларға кубоктар мен медальдарды және дипломдарды Yessenov University президенті Берік Ахметов табыстады.???
 
I орын – Abai University
II орын – Yessenov University
III орын – Zhubanov University