Вице-министрлердің іс-сапары

Yessenov University-ге арнайы іс-сапармен ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің вице-министрі — Жақыпова Фатима Надырқызы және ҚР Мәдениет және Спорт Министрлігінің вице-министрі — Райымқұлова Ақтоты Рахматоллақызы келді.
Іс-сапар аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кадрларын даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің кеңейтілген отырысы өтті. Құрметті қонақтар Теңіз академиясына барып, Caspian Enterpreneur Center, Yessenov Language Center, Service Learning жобасымен, университет мұражайымен, оқу телестудиясымен және Мониторинг орталығының жұмысымен танысты.