Вильнюс профессоры Zelvys Rimantas-тың «Халықаралық білім берудегі зерттеу қызметінің рөлі мен ерекшеліктері» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары

2023 жылдың 14 қарашадан бастап Үздіксіз білім беру институты Әкімшілік басқарма қызметкерлері мен университеттің профессор-оқытушылар құрамы үшін «Халықаралық білім берудегі зерттеу қызметінің рөлі мен ерекшеліктері» тақырыбында 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды. Курс спикері Вильнюс университетінің шақырылған шетелдік ғалым-профессоры Zelvys Rimantas.

Курстың мақсаты – өзгермелі академиялық ортада зерттеу қызметін тиімді басқару және халықаралық білім беру саласындағы зерттеушілердің табысты ынтымақтастығы үшін қажетті білімді, дағдылар мен құзыреттерді дамыту.

Курсқа офлайн форматта 80-нен астам адам қатысты. Жоғары білікті тренер зерттеу қызметінің ерекшеліктерін, халықаралық қарым-қатынасты тереңірек түсіну туралы айтты. Тыңдаушылар профессордың ғылыми мақалалар жазу және зерттеу жобаларын халықаралық академиялық стандарттарға сай әзірлеу туралы және шетелдік серіктестермен тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз ету презентацияларымен танысты. Zelvys Rimantas халықаралық жариялымдар мен онлайн-байланыс мүмкіндіктері, университеттер мен елдер арасындағы салыстырулар, ғылыми материалдарға қол жетімділік туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Курсты барысында қатысушылар халықаралық білім беру саласындағы, атап айтқанда кеңестік кезеңнен кейінгі білім беру ортасындағы зерттеу қызметінің өзгермелі рөлін түсіну және оған бейімделу құзыретіне ие болуға тиіс.

Біліктілікті арттыру курсының соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.