Университетіміздің ғалымдары тағы да жетістікке жетті!

Yessenov University ғалымдарына ерекше жетістіктері үшін атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар берілді!
 
Жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы сыйлықтың иегері:
 
Ахметов Берік Бақытжанұлы – техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Yessenov University-нің Президенті.
 
Сонымен қатар Республика бойынша жыл сайынғы дәстүрлі 75 мемлекеттік ғылыми стипендияның 4-і биыл Yessenov University-нің ғалымдарына бұйырды!
 
 Мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлері:
 
Серікбаева Ақмарал Қабылбековна – техника ғылымдарының кандидаты, «Экология және геология» кафедрасының профессоры.
 
Нұрдаулетова Бибайша Ильясовна – филология ғылымдарының докторы, «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры.

Талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлері:
 
Нұрмағанбет Ермек Талантұлы – заң ғылымдарының кандидаты, PhD доктор, профессор м.а.
 
Сырлыбекқызы Самал – PhD доктор, «Экология және геология» кафедрасының  профессор м.а.
 
Yessenov University ғалымдарын осынау жоғары мәртебелі марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз. Ғылым жолындағы еңбектеріңізге толағай табыстар мен шығармашылық сәттіліктер тілейміз! Республикамыздың ғылым мен жоғары білім беру жүйесінің дамуына айтарлықтай мол үлес қоса бергейсіздер!