Батыр Жүкембаев WBA чемпионы атағын қорғады

Yessenov University «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті, бірінші орта дивизионда WBA Continental North Americas аймақтық титулының иегері, бокстан әлемдік аренада өзіндік қолтаңбасын қалдырған әйгілі қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев АҚШ-та өткен кезекті шайқасында жеңіске жетті.
 
Айқас Плант-Ситиде (Флорида) өткен бокс кешінің басты оқиғасына айналды. Француз спортшысы Мохамед Мимунмен жекпе-жек 10 раундқа созылып, Батыр Жүкембаевтің (23-5) жеңісімен аяқталды. Осылайша, төрешілердің бірауызды шешімімен Yessenov University студенті өзінің кәсіби рингтегі 22-ші жеңісіне қол жеткізіп, бірінші жартылай орта санатта WBA Continental North Americas атағын сәтті қорғады.

Қазақстандық боксшы үшін бұл АҚШ-тағы үшінші жекпе-жек кеші. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында жартылай орта салмақта WBA NABA (Солтүстік Америка чемпионы) аймақтық атағы үшін өткен шайқаста Батыр Жүкембаев аргентиналық спортшы Уго Альберто Ролданмен айқасып, төрешілердің аралас шешімімен жеңіске жетті.