Университет басшылығы стартап жобаларды іске асырудың басталуымен танысты!

Университет басшылығы стартап жобаларды іске асырудың басталуымен танысты!

Есенов университетінің Каспий кәсіпкерлік орталығы алғаш рет 2022 жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін ғылыми кеңес бекіткен университеттің Есенов инновациялық жобалары мен идеяларының конкурсын өткізгенін еске саламыз (29.09.2022 ж. № 2 хаттама).

🙌 Конкурстың мақсаты-Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенттерін бизнес-идеяны дамытудың барлық кезеңдерінде: идеяны әзірлеуден бастап оны коммерцияландыруға дейінгі стартап жобаларды дайындау мен іске асыруда қолдау.

Конкурстың және зерттеу кеңесінің қазылар алқасы мүшелерінің қорытынды бағаларының нәтижелері бойынша (21.12.2022 ж. № 4 хаттама) Есенов университетінің өз қаражаты есебінен жалпы сомасы 3 890 000 теңгеге 5 жобаны қаржыландыруға мақұлданды. Стартап жобаларды іске асыруға ақшалай қаражат 2023 жылғы 24 наурызда жоба басшысының атына түсті.

Бүгінгі таңда жобалық командалар өздерінің стартап жобаларын сәтті жүзеге асыра бастады:

  1. “QR ECPS” жобасы (“Ғылым және технология” факультетінің 1 және 3 курс студенттері). Жетекшісі Гүлназ Сейтбекқызы Жылкішбаева, сомасы 250 000 тг.
  2. “YU Manga(comics)” жобасы (“Бизнес және құқық” факультетінің 3 курс студенттері).Жетекшісі-Айгүл Естұрлиева, сомасы 750 000 тг.
  3. “Plastic bench” жобасы (“Ғылым және технология”факультетінің 3 курс студенттері). Жетекшісі Гүлназ Сейтбекқызы Жылкішбаева, сомасы 600 000 тг.
  4. “Смартфонға арнаған химия пәні бойынша оқу ойындары” жобасы (“Ғылым және технологиялар мектебі” факультетінің магистратурасы). Жетекшісі Ибраева Мәншүк Мұратқызы, сомасы 990 000 тг
  5. № 7624 пайдалы модельге патент алған “Жылытылатын орындық” жобасы (“Ғылым және технология”факультетінің 3 курс студенттері). Жетекшісі Гүлназ Сейтбекқызы Жылкішбаева, сомасы 1 300 000 тг.