Екі апта бойы бизнес жобалардың далалық және маркетингтік зерттеулері жемісті және танымды өтті.

Екі апта бойы “Бизнес және құқық” факультетінің “Экономика” кафедрасының “кәсіпкерлік” пәні және “Yessenov Startup marathon – 2023″Каспий кәсіпкерлік орталығының студенттік стартаптар марафоны шеңберінде бизнес жобалардың далалық және маркетингтік зерттеулері жемісті және танымды өтті.

💛 Жоба авторлары “Бизнес және құқық “факультетінің” Экономика ” кафедрасының оқытушы-тәлімгерлерімен бірге өздерінің жобалық бағыттары (сұлулық индустриясы, туризм, тамақтану, ауыл шаруашылығы, өндіріс, әлеуметтік қызметтер және т.б.) бойынша нарықтық үрдістерді белсенді және мақсатты түрде зерттеді.

🎥 Зерттеу барысында студенттер өздерінің стартап жобаларын өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы, тәсілдің өзіндік ерекшелігі, жобаның шығыстары мен кірістерінің бюджетін есептей отырып, қажетті ресурс тұрғысынан бағалады.

Алда “Yessenov Startup Marathon –2023″студенттік жобалардың көрме – жәрмеңкесі тұр!