17 мамыр күні Лондон Колледж Университетінің (UCL) профессоры Тристан Маккованның Yessenov University білім алушылары мен профессор-оқытушылар құрамымен тұрақты даму мақсаттары бойынша ашық сұхбаты өтті.
Кездесу барысында 2030 жылға дейін тұрақты дамудың негізгі, әрі өзекті салалары және жоғары оқу орындарының экология мәселелерін шешудегі тікелей рөлі жайында талқыланды.
Тристан Маккован білім беру саласындағы халықаралық деңгейде атақты және беделді ғалым, UCL білім институтының профессоры. Профессор Маккованның жұмысы ең алдымен жоғары білім және халықаралық даму мәселелеріне бағытталған. Қазіргі уақытта ол Тұрақты даму мақсаттарының толық жиынтығына қол жеткізудегі жоғары білімнің рөлін түсінудің кеңірек міндетін әрі климаттың өзгеруінің себептері мен салдарын шешуде университеттердің үлесін зерттеуге бағытталған. Қазіргі таңда Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің Орталық Азиялық білім беру инновациялары мен трансформациясы ғылыми орталығы қаржыландырылған «Студенттердің көзқарасы тарапынан Қазақстандағы жоғары оқу орындарындағы тұрақты даму үшін білім беру» зерттеу жобасының халықаралық кеңесшісі.