Youth Career Forum 2024

24 мамыр күні Yessenov University-де Youth Career Forum 2024 өтті.

Форум аясында университеттің бітіруші түлектері үшін «Бос орындар және кәсіптер жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.
Youth Career Forum 2024 барысында «Еңбек нарығы, өңірдің инвестициялық саясаты және менің кәсіби мансабым: түйісу нүктелері» панелдік сессиясы өткізілді.

Панельдік сессия аясында «Жұмыс берушілердің кадрларға нақты қажеттіліктері», «Қазіргі жағдайдағы жұмыс берушілер мен жұмыспен қамту органдарының өзара іс-қимыл тетіктері», «Еңбек болашағын қайта қарау: мансап аренасындағы жасанды интеллект» тақырыптарында университеттің потенциалды жұмыс берушілер тарапынан шақыртылған Форум спикерлерімен қызу талқылау өткізілді.

Өңірдің мамандарды тарту бағытындағы жетекші эксперттері мансап туралы кеңестер және еңбек нарығының тенденциялары туралы құнды ақпараттармен бөлісті.