Пластикті қайта өңдеуге “ИӘ” деп айт

3 сәуір күні Yessenov University-де ҚХА кафедрасының «Қоғамға қызмет» орталығының ұйымдастыруымен “The Coca-cola foundation” халықаралық қорының қаржылық қолдауы негізінде жүзеге асырылып жатқан «Пластикті қайта өңдеуге “ИӘ” деп айт» жобасы аясында тренинг өткізілді.

Университет аумағында қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізуге арналған шараға «Қоғамға қызмет» пәнінің экологиялық бағыты бойынша жобалармен айналысып жатқан студенттер мен үйлестіруші-оқытушылар қатысты.

Тренинг барысында жобаның негізгі серіктес мекемесі «Тұрақты дамуға жәрдемдесу» орталығының маманы Севериненко Алена сұрақ – жауап және ойын форматтарында маңызды ақпартаттармен бөлісті. Жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған шараға қатысушы студенттер мен оқытушылар алдағы жұмыстарына қажетті тәжірибелік мәліметтер алып, өздерін толғантып жүрген мәселелер бойынша еркін ойларымен бөлісті.

Шара соңында Yessenov University-нің «PlastNet» пластикалық қалдықтарды жинау және қайта өңдеу кәсіпорындар желісінің мүшесіне қабылданғандығы жөнінде куәлік тапсырылды.