4 сәуір күні Yessenov University-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімді жаңарту, жетілдіру және практикалық тәжірибе алмасу мақсатында «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» атты халықаралық онлайн-конференция өтті.
Конференция жұмысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облыстық департаментінің мамандары, Түркия, Әзербайжан, Пакистан, Үндістан елдерінің жоғары оқу орындарынан және отандық серіктес білім ордаларының ғалымдары мен оқытушылары қатысып, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға талдау жасалып, шетелдік тәжірибенің ерекшеліктері туралы тың деректер айтылды.