«Отбасы банк» Бизнес дамыту бөлімінің бас маманымен кездесу

Yessenov University-де «Отбасы банк» Бизнес дамыту бөлімінің бас маманы Аженов Айдын Амирадинұлы 17-18 жастағы студенттермен “AQYL” білім беру жинақтау салымы тарифтік бағдарламасы тақырыбында кездесті.

“AQYL” білім беру жинақтау салымы – бұл Қазақстан Республикасының кез келген азаматы үшін болашақта өз атына немесе баласының атына елімізде және шетелде кәсіптік-техникалық және жоғары білім ақысын төлеу үшін пайдалануға болатын білім беру жинақтау салымын ашудың тиімді мүмкіндігі.

Кездесудің негізгі мақсаты – университет білімалушыларына “AQYL” білім беру жинақтау салымы тарифтік бағдарламасы туралы түсінік беру.

Кездесу барасында Айдын Амирадинұлы
“AQYL” білім беру жинақтау салымын қалай ашуға болатындығы мен жыл сайынғы мелекеттік сыйақылары белгілі бір санаттағы салымшыларға қанша пайызды құрайтыны туралы және салымның артықшылықтары туралы ақпарат берді.