Әнуарбек Бимағамбетпен кездесу кеші

Yessenov University кітапханасының ұйымдастырумен «MAŃǴYSTAÝ» телеарнасының директоры, ақын, журналист Әнуарбек Бимағамбетпен кездесу кеші өтті.

Ақынның шығармашылығы туралы Yessenov University профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Әділет Дыбысұлы Қабылов баяндама жасады.

Шараға «Дәстүрлі музыка өнері» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының студенттері қатысты.
Кездесу барысында автордың орындауындағы өлеңдер оқылды, қонақ көрермендердің сұрақтарына жауап беріп, шығармашылығы туралы өз ойларымен бөлісті.