Отан, Ұлттық белгі және сүйіспеншілік

10 қараша күні Yessenov University «Union» жоғарғы студенттер кеңесінің ұйымдастыруымен “Отан, Ұлттық белгі және сүйіспеншілік” атты  ақын, мәдениет қайраткері Алмас Ахметбекұлы Сақбаевтың  студенттермен шығармашылық кездесуі өтті.

Кездесу барысында, «Көк тудың желбірегені» әнінің сөзін жазған ақын Алмас Ахметбекұлы жастарға  патриоттық сезімді, рәміздерге деген құрметті арттыруды мақсат етіп, қоғамға, еліңе адам қызмет етуге шақырып, ұлтың үшін өмір сүру керектігі жөнінде тілге тиек етті.