Гүлажар Бақытжанованың қонақ дәрісі

22 қараша күні Yessenov University-де Маңғыстау облыстық сотының Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасы Бақытжанова Гүлажар Қоянбайқызы «Адамның құқықтарын, бостындықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді.

Дәріс барысында республиканың сот жүйесінің құрамы мен құрылымы туралы жан-жақты айтылып, соңында пікір алмасу барысында білім алушылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылды: атап айтқанда, сот органдарына қызметке орналасудағы талаптар, Конституциялық сот құрамы мен оның өкілеттігі, конституциялық сотпен қаралатын істер.