Entrepreneurial Education Workshop

2-4 қараша күндері Yessenov University Каспий кәсіпкерлік орталығында АҚШ Елшілігінің және Айова (АҚШ) университетінің өкілдерінің ұйымдастыруымен «Бизнес және құқық» факультеті оқытушыларына Кәсіпкерлік білім беру үш күндік интенсивті семинар өтті (Entrepreneurial Education Workshop). 

Семинарда Айова Венчурлік мектебінің Адъюнкт-лектор-нұсқаушысы Грегг Баркус және Халықаралық бизнес институтының профессоры және гранттық бағдарламалардың әкімшісі Келли Бедеян бизнес пен корпорацияларды дамыту, капиталдандыру және орындау стратегиялары, сондай-ақ технологияларды пайдалану туралы және стартапты масштабтауда инвестициялау жөнінде ақпараттармен бөлісті. Онымен қоса, семинар кезеңінде қатысқан оқытушылармен практикалық семинарлар жүргізілді. Семинарға қатысқан барлық оқытушыларға Айова университетінің халықаралық бизнес институтының сертификаттары табысталды.