Моника Иверсен мен София Фосспен кездесу

26 қыркүйек күні Yessenov University-де Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моника Иверсенмен және экономика бойынша атташе София Фосспен кездесу өтті.

Достық сапары барысында Елші Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтында болып, институттың қызметімен және білім беру үдерісімен танысты, теңіз академиясының профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.

Сондай-ақ, қонақтар жаңа институт пен Yessenov University құрылымымен және дамуының басым бағыттарымен танысты.

Германия Федеративтік Республикасының Елшісі Моника Иверсен табысты өңірлік экономика үшін техникалық кадрларды кәсіптік даярлауда инженерлік білімнің жоғары маңыздылығын атап өтті.

Тараптар өзара қызығушылық тудыратын халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты.