«Most Hub Almaty»

YU Uxiship Алматы қаласындағы «Most Hub Almaty» IT қауымдастығында болған бизнес-кездесу туралы өз әсеріммен бөліскіміз келеді. Кездесу IT startup және жасанды интеллект тақырыбына арналды және біздің спикеріміз АҚШ – та «Black Ice AI» жобасының негізін қалаушы Элисар Нұрмағанбетов болды.

Кездесу барлық қатысушыларға жайлы және еркін сезінуге мүмкіндік беретін өте мейірімді және ашық атмосферада өтті.

Элисар Нұрмағанбетов , IT стартап бастау және жасанды интеллект саласындағы білімі мен тәжірибесімен бөлісті. Бізге бұл технологияның әлемді қалай өзгертетіні және біздің күнделікті өмірімізде жасанды интеллектті пайдалану мүмкіндіктері туралы және өз жобасының мақсаты жайлы, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Сонымен қатар, біздің команда сұрақтар қоюға және спикермен Q&A форматында көптеген ойларды талқылауға мүмкіндік алды. Бұл шынымен пайдалы болды және жасанды интеллект бізге қандай мүмкіндіктер бере алатынын және оны іс жүзінде қалай қолдануға болатынын жақсы түсінуге көмектесті. Жалпы, бұл кездесу өте қызықты және пайдалы болды.

«Most Hub Almaty» ұжымына және Элисар Нұрмағанбетовке алғысымызды білдіреміз!