“Kongsberg Digital” компаниясының делегациясымен Келісімге қол қою

Kongsberg Digital AS компаниясының делегациясы Теңіз академиясына арналған жаттығу жабдықтары мен бағдарламаларын жеткізу туралы Келісімге қол қою үшін Yessenov University-ге келді.
 
«Kongsberg Digital» компаниясы теңіз тренажерлары мен теңіз көлігі бағдарламаларын өндіруде сөзсіз әлемдік көшбасшы болып табылады. 
 
Сапар барысында норвегиялық тарап өкілдері Kristina Marie HemBollingmo, Agnar Mellvin Svendsen, Leif Pentti оқу процесінің шарттарымен және университеттің даму стратегиясымен танысты, Теңіз академиясының жаңа оқу корпусында өз өнімдерін орналастыру алаңдарын бағалап, Yessenov University-ге жабдықтар жеткізу туралы Келісімге түзетулер енгізді.
 
Жақын арада “Kongsberg” технологиялары мен конструкторлық шешімдері теңіз операциялары мен порт инфрақұрылымын басқаруды оңтайландыру, шығарындылардың қоршаған ортаға әсерін азайтуға баса назар аудара отырып, теңіз және порт қызметімен байланысты энергия тиімділігі мен экологиялық тәуекелдерді бағалау үшін цифрлық технологияларды әзірлеу жөніндегі мәселелерді шешуге көмектеседі.
 
Yessenov University Теңіз академиясының базасындағы болашақ академиялық артықшылық орталығы шеңберінде белсенді жұмыс істеп жатыр және қазірдің өзінде теңіз шаруашылығын басқару және жаңартылатын энергетика саласындағы инновациялық технологияларды пайдалану бойынша ғылыми негізделген әдістемелік ұсынымдар дайындауда. 
 
Бұл жоба университетке Каспий маңы өңірінде энергия үнемдейтін технологиялар мен жүктерді теңіз арқылы тасымалдаудың оңтайлы бағыттарын әзірлеу бойынша көшбасшы болуға мүмкіндік береді, сонымен қатар Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы теңіз операцияларының экологиялық қауіпсіздігі мен экономикалық тиімділігін арттырады.