Ғалым жолы – даналыққа баспалдақ

22 сәуір күні Yessenov University-де жер құрылысы мен қазба байлығын зерттеуге негізгі еңбектерін арнаған, өнеркәсіп инженерлерінің жаңа буынын тәрбиелеуде ұстаздық етіп, бәсекелестік бәйгесінде шәкірттерін шыңдап жүрген «Экология және геология» кафедрасының профессоры, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Қожахмет Қосарбай Әбдірахманұлының мерейлі 70 жасқа толуына және ғылым күніне арналған «Ғалым жолы – даналыққа баспалдақ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция пленарлық және секциялық отырыстардан тұрды.
Пленарлық отырыс шетелдік және отандық ғалымдардың, өңірлік өндіріс басшыларының мерейтой иесін құттықтап, жылы лебіздерін білдіруден басталып, бүгінгі таңдағы салалық мәселелер мен жетістіктер бойынша өз ойларын ортаға салумен жалғасын тапты.

Секциялық отырыс бағыттар бойынша сәтті жалғасын тауып, спикерлер өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерімен, тәжірибесімен, сараптамасымен бөлісті.

Осы орайда ғылым саласына өлшеусіз үлес қосқан, ғылымда өзіндік қайталанбас қолтаңбасы бар Қосарбай Әбдірахманұлын бүгінгі келіп жеткен мерейлі жасымен құттықтаймыз, ғылым жолындағы ізденістері мен азаматтық тұлғасы жастарға үлгі болып, ізденістері сара да салмақты табыстарға ұласуына шын жүректен тілектеспіз!