Каспий маңы мемлекеттерінің халықаралық қатынастары

18 қараша күні Yessenov University «Халықаралық қатынастар және туризм “кафедрасы» «Каспий маңы мемлекеттерінің халықаралық қатынастары» білім беру бағдарламасын талқылау үшін Ақтау қаласындағы Дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездесу өткізді.

Yessenov University тарапынан кездесуге “Туризм және тілдер” факультетінің деканы Әбілшеева Рысгүл Қойшығұлқызы, “Халықаралық қатынастар және туризм” кафедрасының меңгерушісі Жанғожаева Эльвира Темірханқызы, білім беру бағдарламаларының менеджері Ақкенжеева Анар Шынабайқызы, “халықаралық қатынастар” білім беру бағдарламасының үйлестірушісі Оружов Илькин Юсиф оглы, “Халықаралық қатынастар және туризм” кафедрасының доценті Медиханова Ақмарал Бақтығалиқызы және халықаралық кеңсенің жетекші маманы Айтбай Жансая Серғалиқызы қатысты.

Білім беру бағдарламасын талқылауға Түркия Республикасының Бас консулы Музаффер Акйылдырым мырза, Әзербайжан Республикасы Бас консулдығының басшысы Маммадов Эльмар Мырза, Түрікменстан Республикасының Бас консулы Мухамметнур Овезов мырза және Иран Ислам Республикасының Бас консулы Хабиболла Малакути Фар мырза шақырылды.

Дипломатиялық өкілдіктердің басшылары осы ББ маңыздылығы мен бірегейлігін атап өтті, сондай-ақ кездесу барысында оны жетілдіруге баса назар аударылды және сараптамалық пікірлер айтылды.

Кездесу жемісті және сындарлы форматта өтті.