North Caspian Operating Company

Каспий кәсіпкерлік орталығы Yessenov University “Бизнес және құқық” факультетімен бірлесіп, студенттер үшін “Норт Каспиан Оперейтинг Компани”компаниясымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу аясында қонақтар Каспий кәсіпкерлік орталығының қызметімен және “Кәсіпкерлік негіздері” пәнінен өтіп жатқан 1 және 2 курс студенттерінің стартап жобаларымен танысты.

Кездесу соңында НКОК компаниясының өкілдері қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс айтып, жастар идеялары мен жобаларын дамыту бойынша өзара іс-қимыл жасауға дайын екендіктерін білдірді.