Ирина Беляевамен кездесу

16 қараша күні сағат 15:00-де Yessenov University Атриум залында Ақтау қаласындағы «Іскер әйелдер» қауымдастығының төрайымы, Prestige компаниясының құрылтайшысы, Идальго Ақтау ЖШС бас директоры Беляева Ирина Валерьяновнамен дәріс өтті. 

Кездесуге 1,2,4 курс студенттері қатысып, «Әлеуметтік желінің бизнеске әсері» тақырыбында дәріс тыңдады. Беляева И.В. студенттерге өзінің бұл бизнес саласын таңдауының себебін, бизнестегі маңызды қадамдарын, бизнес бастау үшін қандай біліктіліктер қажет болғандығын баяндап берді. Сонымен қатар, ол өзінің әйгілі тұлғалар өмірі туралы білуге қызығатындығын және көптеген тренингтерге қатысып, кейстер шешудің де маңызы бар екендігін айтты. 

Кездесу соңында Ирина Валерьяновна студенттерге сұрақтар қойып, алған жауаптарына қарай оларды марапаттады.