ӘЛЕМНІҢ 10 ЕЛІНДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ҰСТАЗ ҚОНАҚ ДӘРІСІН ӨТТІ

9 сәуірде Туризм және тілдер факультеті Әлем тілдері кафедрасының оқытушысы Пулатова Замира Төреқұлқызы Физика 23-1 тобына шетелдік оқытушыны қонақ дәрісін өткізуге шақырды. Дәрісті Америкадан Yessenov University-ге English language fellowship 2023-2024 ж. бағдарламасы аясында келген Charles McKinney News and Media тақырыбында өтті.

Charles бұл тақырып аясын өте жақсы меңгерген, себебі Media Сommunication мамандығы бойынша магистратура дәрежесі бар.

Дәріс барысында шетелдік маман Running dictation, яғни TPR әдісін қолданып, студенттердің белсенділігін арттырып, ағылшын тілін қимыл арқылы үйретуді көрсетті.

Қазақстан Charles қызмет атқарып келе жатқан 10-шы мемлекет. Ол әлемнің көптеген елдерінде еңбек еткен: Америка, Оңтүстік Корея, Қытай, Тайланд, Македония, Африка, Сауд Арабиясы, Кувейт және Иракта. Осындай тәжірибесі мол шетелдік оқытушыдан болашақ ұстаздардың алары көп болды.

Сабақ соңында студенттер естелік суреттерге түсіп, қызықтырған сұрақтарға жауап алды.