Новости

Category

15-наурыз күні сағат 10:00 де университет кампусының алаңында Yessenov Barysy палуандар сайысы өтеді. Сайысқа университет студенттері мен қызметкерлері қатыса алады. Нағыз мықтыны анықтайтын палуандар сайысын жіберіп алмаңыздар!  
Read More
15-наурыз күні сағат 10:00 де университет кампусының алаңында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің бастауына орай «Амал келді-жыл келді» атты шара өтеді. Мерекелік шара оқытушыларды және студенттерді шақырамыз!
Read More
Университетте Әбіш Кекілбайұлы оқулары сайысы өтті. Сайысқа университеттің барлық мамандықтары бойынша білімалушылар бақтарын сынады. Сайысқа қатысқан 22 білім алушы Әбіш Кекілбайұлы шығармаларынан үзінділерді нақышына келтіріп, жатқа оқыды. Көркемсөз оқу сайысына қатысушылардың өнерін арнайы комиссия бағалады. Нәтижесінде Дәлубай Әбді-Рахман 1-орынға, Елдесбаев Нұрбақыт 2-орынға, Ибадуллаева Тұрсынай және Есетжанова Шынар 3-орынға ие болды. Жеңімпаздар университет проректорының бірінші, екінші...
Read More
«Бизнес және құқық» факультетінің «Қаржы», «Экономика», «Есеп және аудит», «Менеджмент», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Құқықтану» мамандықтарына академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінен бір топ оқытушылары келді. Аталған бағдарлама аясында алдағы уақыттарда ынтымақтастық нысандарын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Read More
“Бизнес және құқық” факультетінің “Халықаралық қатынастар және туризм” кафедрасына ЖОО-ң арасында профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлығының шеңберінде М. Өтемісов ат. Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының доценті, т.ғ.к. Алтынай Шұғайқызы Журасова келді. Алтынай Шұғайқызы «Халықаралық қатынастар» мамандығының 1-курс студенттеріне Дипломатиялық және консулдық қызмет пәні бойынша дәріс оқумен қатар, «Қазақстан халықаралық аренада: тәжірибе...
Read More
Yessenov University сіздерді республикалық ғылыми-практикалық “Өндірістегі цифрлық технологиялар” конференциясына қатысуға шақырады. Өтетін уақыты: 28 наурыз 2019 жыл. Өтетін орны: Ақтау қ., 24 шағын аудан, Yessenov University. Жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын. Негізгі мақсаты: конструктивті пікірталас пен ақпарат алмасуға, цифрлық технологияларды пайдалануда тиімді тәжірибені алмасу, индустриядағы, ұлттық экономика секторында және қазіргі заманғы білім беруде инновацияларды...
Read More
«Жастар шығармашылығы бөлімінің» ұйымдастыруымен 8-наурыз – Халықаралық  әйелдер күніне орай мерекелік шара өтті.  Университеттің ер жігіттерінің құттықтауымен бастау алған мерекелік күн барлық аруларымызға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.  Мерекелік шара өнерпаз студенттердің концертіне ұласты.Концерттік бағдарламада университет ректоры бір топ оқытушылар мен қызметкерлерді марапаттады.  Сонымен бірге, арнайы сыйақылар табысталып, ұтыс ойындары ойнатылды.    
Read More
«Инжиниринг» факультетінің, «Компьютерлік инжиниринг» кафедрасының студенттері 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырды.            Шараның ұйымдастырушылары барлық аруларға көтеріңкі көңіл күй мен қуаныш сыйлады.      
Read More
8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты мерекелік концерт Yessenov University колледжінде өтті.   Шараның мақсаты: нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау.    
Read More
Қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 1-3-курс студенттері арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен университетішілік олимпиада өтті. Олимпиада үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар үй тапсырмасымен таныстырып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетсе, екінші кезеңде эссе жазды, сондай-ақ студенттер қазақ тілі мен әдебиеті бойынша тест сұрақтарына жауап берді. Олимпиада нәтижесі бойынша орындар былайша...
Read More
1 90 91 92 93 94 136