Халықаралық  әйелдер күні

«Жастар шығармашылығы бөлімінің» ұйымдастыруымен 8-наурыз – Халықаралық  әйелдер күніне орай мерекелік шара өтті.  Университеттің ер жігіттерінің құттықтауымен бастау алған мерекелік күн барлық аруларымызға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.  Мерекелік шара өнерпаз студенттердің концертіне ұласты.Концерттік бағдарламада университет ректоры бір топ оқытушылар мен қызметкерлерді марапаттады.  Сонымен бірге, арнайы сыйақылар табысталып, ұтыс ойындары ойнатылды.