Ақтөбе оқытушыларының ұтқырлығы

«Бизнес және құқық» факультетінің «Қаржы», «Экономика», «Есеп және аудит», «Менеджмент», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Құқықтану» мамандықтарына академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінен бір топ оқытушылары келді. Аталған бағдарлама аясында алдағы уақыттарда ынтымақтастық нысандарын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.