Академиялық ұтқырлық: Алтынай Журасова

“Бизнес және құқық” факультетінің “Халықаралық қатынастар және туризм” кафедрасына ЖОО-ң арасында профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлығының шеңберінде М. Өтемісов ат. Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының доценті, т.ғ.к. Алтынай Шұғайқызы Журасова келді.
Алтынай Шұғайқызы «Халықаралық қатынастар» мамандығының 1-курс студенттеріне Дипломатиялық және консулдық қызмет пәні бойынша дәріс оқумен қатар, «Қазақстан халықаралық аренада: тәжірибе және перспективалары» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді және кафедра ПОҚ-на ғылыми семинар өткізді.
Шараның мақсаты: ЖОО-ы арасындағы ПОҚ-мен тәжірибе алмасу және академиялық мобильділікті арттыру.