Новости

Category

Жұмысшы мамандықтарының “Worldskills Aktau – 2019” кәсіптік шеберліктің республикалық чемпионатының өңірлік кезеңі өтті. Компьютерлік ойындар мен мультимедиялық қосымшаларды әзірлеу құзыреттілігі бойынша Жақсылық Нұржан 3-орынға ие болды дәл осы құзыреттілікте Қызылқұл Жасұлан, Бейне өндірісі құзіреттілігі бойынша Қабылов Жұмабек, Ақпараттық кабельдік желілер құзіреттілігі бойынша Сансызбай Арман медальонға ие болды.  
Read More
Германияның Галле қаласында өткен, Arawaza Cup Халықаралық турнирінен Yessenov University «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенті Мухат Азамат 2-орынды иеленді. Аталған Халықаралық турнирге 30-дан астам мемлекеттен 1500 жуық спортшылар қатысқанын ескерсек, бұл өте керемет жетістік. Шын жүректен құттықтаймыз!
Read More
Қол  күресінен Қазақстан Республикасының Чемпионатында жастар мен жасөспірімдер спортшылар арасында 70 келі салмақ дәрежесінде Yessenov University “Дене шынықтыру және спорт” мамандығының 2-курс студенті Шолпанов Ыбырай ІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!    
Read More
Жұмысшы мамандықтарының “Worldskills Aktau – 2019” өңірлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Оған колледжіміздің студенттері 4 құзіреттілік бойынша қатысып өз бақтарын сынады. Веб-дизайн және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды әзірлеу, Бейне өндірісі, Компьютерлік ойындар мен мультимедиялық қосымшаларды әзірлеу, Кәсіпкерлік .
Read More
«Бизнес және құқық» факультетінің «Жастар ісі жөніндегі комитетінің» белсенді жастарының ұйымдастыруымен «Қарттарым-асыл қазынам» атты қайырымдылық шарасы өтті. Қарттарымыз жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Бұл шарада жастар қарттарымыздың көңілін көтеру мақсатында ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Бұл іс-шараның басты мақсаты – отбасылардың қамқорлығынсыз қалған...
Read More
«Бизнес және құқық» факультетінде Наурыз мерекесіне орай, «Менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – қазақ қызына тән әдептілік, әсемдік, инабаттылық пен ибалық сияқты асыл қасиеттерді студенттер арасында дәріптеу.  
Read More
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында “Машина жасау және көлік” кафедрасы Маңғыстаудың киелі жерлерінің бірі Қызыл қалаға саяхат ұйымдастырды топ кураторлары Билашова Г.С. , Юсупов А.А. «Машина жасау», «Стандартизация және сертификация», «Көлік, көлік техникасы және технологиясы», «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандықтарының студенттерімен барып қайтты. Студенттерді табиғат сұлулығы таң қалдырды. Олар қасиетті жерлерді көруге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын...
Read More
«Бизнес және құқық» факультетінің «Қаржы», «Экономика», «Есеп және аудит», «Менеджмент», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарына академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен бір топ оқытушылары келді. Аталған бағдарлама аясында алдағы уақыттарда ынтымақтастық нысандарын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.  
Read More
«Бизнес және құқық» факультетінде Наурыз мерекесіне орай «Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен қазақтың ұлттық тағамдарын насихаттау мақсатында «National food time – Welcome Nauryz» тақырыбында дегустация болып өтті. Дегустацияда оқытушылар мен студенттерге қазақтың ұлттық тағамдарынан бауырсақ, құрт, балқаймақ, жент, қазы-қарта және сусынымыз шұбат ұсынылды.
Read More
«Инжиниринг» факультетінің «Компьютерлік инжиниринг» кафедрасы «Өнеркәсіптегі цифрлық технологиялар» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның өткізілуін ұйымдастырды. Конференция 4 секция бойынша өтті: 1. Мұнай-газ және машина жасау салаларының заманауи проблемалары 2. Өндірістегі ақпараттық технологиялардың дамуының заманауи тенденциялары 3. Цифрландырудың экономикалық-құқықтық аспектілері 4. Білім беруді цифрландыру жағдайындағы педагогикалық өлшемдер Конференция материалдары ғылыми жұмыстар жинағы түрінде шығарылады. Негізгі мақсаты: конструктивті пікірталас...
Read More
1 88 89 90 91 92 136