Vacant position

«Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесі Ақтау қаласы, 32-шағын аудан мекенжайы бойынша орналасқан «Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ішкі аудит қызметінің басшысы бос лауазымына байқау жариялайды.

Қызметтің негізгі мәні ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін, атқарушы органның және құрылымдық бөлімшелерінің қаржылық операциялары мен іс-әрекеттерін бақылау болып табылады.

Байқау қатысушыларарына қойылатын талаптар:

1) келесі салаларда жоғары кәсіби білімі болуы тиіс: экономика және / немесе

қаржы және / немесе бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе қаржылық менеджмент және/немесе қаржы және кредит, мүмкіндігінше ақпараттық технологиялар саласында және/немесе техникалық салада және / немесе юриспруденция саласында қосымша біліммен;

2) аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және / немесе қаржы саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

3) басшы лауазымда кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

4) Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу, соның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және салық салу мәселелері бойынша;

5) ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors Inc) әзірлеген Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарын, аудиттің халықаралық стандарттарын (мүмкіндігінше) білу;

6) (мүмкіндігінше) қосымша арнайы  даярлығы болуы, атап айтқанда “Аудиторлық қызмет туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған “аудитор” біліктілік куәлігінің және/немесе CIA (Certified Internal Auditor) ішкі аудит саласындағы сертификатының және/немесе ACCA (Association of Certified Chartered Accountants) алқаби бухгалтерінің сертификатының және / немесе DipIFR (Diploma in International Financial Reporting) дипломының және / немесе CIPA (Certified Internal professional Auditor) халықаралық кәсіби бухгалтер сертификатының болуы;

7) шетел тілін меңгеру (мүмкіндігінше).

Байқауға келесі тұлғалар жіберілмейді:

1) жиырма бес жастан кіші;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар;

4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған адамдар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Үміткердің аудитор ретіндегі жұмыс өтілі, “Аудиторлық қызмет туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған “аудитор” біліктілік куәлігінің,  DipIFR (Diploma in International Financial Reporting) дипломының немесе CIPA (Certified International Professional Accountant) халықаралық кәсіби бухгалтер сертификатының болуы ішкі аудит қызметінің басшысы лауазымына кандидатты ұсыну үшін өзге тең жағдайларда басым негіз болып табылады. 

Байқауға қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Байқаудың өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде корпоративтік хатшыға жеткізу керек: Ақтау қаласы, 32 шағын аудан, №5-2 кабинет, телефон: 8 (7292) 788-788 (228, 229).