Дуальды оқыту келісімі

20 қазан күні Yessenov University-де Меморандум мен дуальды оқыту туралы келісімнің тармақтарын іске асыруды жалғастыру аясында «Кеме техникасы және сервис» ЖШС бас директоры Дмитрий Александрович Донских Теңіз Академиясының студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесуде өндіріс технологиясын, не нәрсеге баса назар аударатынын, өндірістің миссиясын, олардың облыс қана емес, жалпы еліміз үшін атқарып жатқан міндеттерін жан-жақты баяндап берді. Болашақта түлектерді қандай перспективалар күтіп тұр, кеме жасаудағы бағыттары және жалпы су көлігінің даму тенденциясы және жақын келешегі бар, болашақ кеме жасаушылардың, кеме жөндеушілерінің біліктілігін және болашаққа жарқын жоспарларын талқылады.
Сондай-ақ, кездесуге Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының басшысы Гүлмира Бурхандинова және Маңғыстау облыстық іс басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Төлемісов қатысты.