Новости

Category

Renaissance қонақ үйінде «MISS AKTAU-2018» сұлулық байқауы өтті. Конкурсқа күрделі іріктеуден және кастингтен өткен 120-дан астам сұлу анықталды, соның ішінен 20 қатысушы іріктеуден өтіп, байқаудың финалында кездесті. Қазылар алқасының шешімімен «MISS AKTAU-2018» сұлулық байқауының жеңімпазы болып YESSENOV UNIVERSITY Теңіз академиясының 2-курс студенті Динара Сарыева атанды. Динара Сарыеваны шын жүректен жеңісімен құттықтаймыз!!!  
Read More
Yessenov University  «Бизнес және құқық» факультетінде «Sanaly Urpaq»  фронт-кеңсесі және Адалдық дүкенін  ашу салтанаты өтті. Бұл шаралар  аясында білім беру жүйесінде жастар арасындағы  сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру. «Адалдық дүкенін» ашу студент жастардың бойына адалдық қасиеттерін сіңіру, оларды адалдыққа және әдептілікке баулу мақсатын көздейді. «Sanaly Urpaq»  фронт-кеңсесінің...
Read More
Ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні Yessenov University -де Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА)жүргізген аккредиттеуден кейінгі мониторинг бойынша сараптамалық топ жұмыс істей бастайды. Аккредиттеуден кейінгі мониторинг (институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу бойынша) АРТА сыртқы сараптама комиссиясымен бекітілген іс-шаралар жоспары шеңберінде жүргізіледі.
Read More
“Қаржы” кафедрасының “Есеп және аудит” мамандығының студенттері арасында «Нашақорлықпен күресу жолдары» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы және өз болашағына сеніммен қарау.
Read More
12 желтоқсан күні сағат 15:00-де Yessenov University бас ғимаратының Атриум залында #PublicTalk жобасы аясында, Ақтау қаласының құрметті азаматы, Экономика ғылымдарының кандидаты, “Catkaz Limited”компаниясының бас директоры Мендеш Салиховпен  кездесу болады. Студенттерді және оқытушыларды белсенділік танытып, аталған шараға қатысуға шақырамыз!    
Read More
Yessenov University барлық кафедраларында “Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шаралар еліміздің барлық жоғары оқу орындарында өтуде. Іс-шараға студенттер мен оқытушылар қатысты. Дөңгелек үстелде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері және осы мәселеге қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.
Read More
Yessenov University «Базалық» факультеті, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «1 желтоқсан –Тұңғыш  Президент күніне» орай  «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін түсіндіру.      
Read More
«Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы «Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру» жобасы аясында жоғарғы курс студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар байқауы өткізілді. Аталған байқау нәтижесінде I орынды Yessenov University «Бизнес және құқық» факультетінің «Құқықтану» мамандығының студенттері  женіп алды.  
Read More
Ұлттық студенттік лигада күміс медальдарды иемденген Yessenov University футзал құрамасын Ақтау xалықаралық әуежайынан күтіп алу рәсімі өтті. Шарада университетіміздің студенттері, қызметкерлері және профессорлық оқытушылар құрамы қатысты.  
Read More
Конрад Аденауэр атындағы қоры мерзімі 5 айға берілетін Sur-Place жергілікті стипендиясына конкурс жариялайды. Қазақстанның ЖОО-да (жоғары оқу орындарында) күндізгі оқитын және конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасы азаматтары қордың стипендианттары бола алады. Ерекшелік ретінде соңғы курста оқитын студенттерге стипендия тағайындалуы мүмкін. Құжаттарды тапсыру кезінде қатысушының жасы 30-дан аспауы тиіс. Конкурстық іріктеуде, басымдылық әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар...
Read More
1 99 100 101 102 103 138