Новости

Category

«Маңғыстау экспедициясы» аясында Маңғыстау тарихына «Жыңғылды катакомбасы» деген атпен енген ежелгі қабірлеу орнына алғашқы археологиялық қазба жұмысы жүргізілді. Танымал археолог А.Астафьевтің айтуынша, бұл кешенді жерлеу орны шамамен біздің заманымыздың 3-4 ғасырына тиісті болса керек. Қазіргі таңда 8 қабір ашылып, онда 13 адам жерленгені белгілі болды. Адам сүйектерінің жанынан құмыра, пышақ, қойдың жіліктері және моншақтар табылған....
Read More
Yessenov University 1-курс ұлдары арасында  волейболдан жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша  1-орынды «Базалық» факультет, 2-орын «Түрікменстан» командасы, 3-орын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығыынан құралған «Аралас»  командасы иеленді. Ұйымдастырушылар «Дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушылары: Н.М.Калиева, О.А.Бондаренко, К.Н.Сейдалиев.    
Read More
Yessenov University «Юриспруденция» мамандығының 2-курс студенттері Маңғыстау облысы Әділет департаменті зияткерлік меншік бөлімінің басшысы С.А. Баксеновпен және Ақтау қаласы әділет басқармасының басшысы А.Ж. Тілекбаевпен кездесті. Мамандар зияткерлік меншікке қатысты ҚР заңнамасындағы соңғы уақыттардағы өзгерістер мен толықтырулар, авторлық құқық және өзге де сұрақтар туралы түсіндірулер берді.    
Read More
Yessenov University кәсіптік бағдар беру тобы «Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі»  студенттерімен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу мақсатында кездесу өткізді. Кездесу барысында колледж студенттеріне  университет ректорының 100 білім гранты мен жеңілдіктері, «Менің таңдауым – YU» атты Startup байқауының ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар университеттегі мамандықтар жөнінде ақпарат берілді. Колледж студенттерi байқауға қызығушылықтарын танытып, қатысуға ниеттерін білдірді....
Read More
«Бизнес және құқық» факультеті «Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасының ұйымдастыруымен «Speech community poster presentation» шарасы өтті.  Шарада түрлі-түсті плакаттар дайындап, жер бетіндегі әртүрлі ұлттық қауымдастықтар туралы ағылшын тілінде хабарламалар жасады.
Read More
«Бизнес және құқық» факультеті «Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай кафедра студенттеріне «Жұлдыздар тоғысқанда» атты бейнефильм көрсетілді. Шараның мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы Президентіміздің алатын рөлі. Қазақстан Республикасының қалыптасуындағы тарихи оқиғалармен таныстыру, Қазақстандық патриотизмге, халықтың тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.    
Read More
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Инжиниринг» факультетінің «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 2-3 курс студенттері мен топ кураторлары Боранбаева А.Н., Енсегенова Ү.К. ескі қала – Форт Шевченко қаласындағы Т.Г.Шевченко атындағы мемориалдық мұражайы мен Достық мұражайына барды. Мұндай экскурсияларға бару өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге және мәдени байытуға, сондай – ақ туған өлкенің тарихымен, мәдениетімен және дәстүрлерімен танысуға...
Read More
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласына орай, байтақ еліміздің құндылықтарын насихаттау мақсатында Yessenov University ғылыми жұмыс және интернационалдандыру бойынша проректоры Е.Т.Нұрмағанбеттың бастамасымен Маңғыстау өңірінің тариxи жерлеріне саяxат ұйымдастырылды. Қарақия ойпатынан бастап, Шетпе кентіндегі этнограф, ғалым С.Қондыбай мұражайы, «Көгез» этноауылы, Ақмыш бұлағы, Қызыл қала қалашығы, Шерқала, Торыш дөңгелек тастар мекендерінде болып,...
Read More
«Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «ЖИТС-тың алдын алу мәселелері» тақырыбында «Құқықтану» мамандығы студенттеріне тренинг өткізілді. Кездесуге «Маңғыстау облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» медициналық мекемесінің бөлім меңгерушісі А.Ч.Кемазанова,  эпидемолог дәрігерлері  Ф.А.Омарова, медбике А.Ж.Жумабекова, «Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» медициналық мекемесінің маманы  Б.А.Аяпова қатысты. Мамандар тегін және жасырын экспресс-тесттен өткісі келетіндер үшін...
Read More
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі «Қазақстанның рухани қасиетті жерлері» («Сакральды география») жобасын құру болып табылады. «Бизнес және құқық» факультетінің оқытушылары мен «Қаржы», «Есеп және аудит» мамандықтарының студенттері Қалипан қорымымен Қалың Арбат қорымына барды. Мұндай жерлерге мінажат ету өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге және мәдени байытуға, сондай – ақ туған өлкенің тарихымен, мәдениетімен және дәстүрлерімен танысуға...
Read More
1 99 100 101 102 103 136