Батырдың биік тұлғасы: тарихы, зерттелуі, ақиқаты

3 қараша күні Yessenov University конференц-залында Халық батыры Есекмерген Есенғұлұлының өмірі мен ерлік жолына арналған «Батырдың биік тұлғасы: тарихы, зерттелуі, ақиқаты» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция басталмас бұрын университеттің 2 қабатында (Е-207 кабинеті) Есекмерген Есенғұлұлының атындағы оқу аудиториясының ашылуы өтті. Сонымен қатар, аудиторияның ашылу рәсімінен соң, «Батырдың биік тұлғасы: тарихы, зерттелуі, ақиқаты» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы бастау алды.
Елімізге белгілі көрнекті ғалымдар тұщымды баяндамаларын жасап, батырымыздың ерлікке толы ғұмыр жолынан сыр шертті. Конференция барысында «Халық батыры Есекмерген» атты кітаптың тұсауы кесілді.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция түстен кейін бағыттар бойынша секциялық отырыстармен жалғасын тапты.