AntiParaCraft-2022

20 сәуір күні Маңғыстау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қолдауымен Yessenov University бастамасымен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында “AntiParaCraft-2022″квест-ойындары өтті. 

Аталған шараға Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агентігінің Маңғыстау облысы бойынша Департамент басшысының бірінші орынбасары Қ.Б.Мырзағали, осы Департаменттің Превенция басқармасының бас маманы Н.Т.Мұқатай, «Маңғыстау-адалдық алаңы»  жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.М.Үсіпбаев, “Әділдік жолы” Республикалық қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облысы бойынша филиалының басшысы А.Б.Жақсыбаев, “Жаңару” сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық қозғалысы” республикалық ұйымының МОФ директор орынбасары А.Ә.Қонарбаев қатысып, студент жастардың квест ойындарына қазылық етті.

Командалар 5 турлық сайыстан өтіп (сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа бейнероликтер түсіру, жоба жасақтау, дебаттық турнир), өз ұпайларын жинаған болатын. Соңында «Адалдық капитандары турнирі» болып, сұрақ-жауап сайысы өтті.

Қазылар алқасы шешімі бойынша Бизнес және құқық факультетінің «Фемида» командасы ақтық сайыста жеңімпаз атанып “Адалдық” кубогын иеленсе,  Теңіз академиясының «Бірлік» командасы І орын, Инжиниринг факультетінің «Болашақ» командасы ІІ орын, Білім беру факультетінің “Sake” командасы lll орын, Ғылым және технологиялар факультетінің «Uniti» командасы ІV орынды, Туризм және тілдер факультетінің “Ben Franklin” командасы V орынды қанжығасына байлады.