19 сәуір күні Yessenov University-де студенттер, магистранттар және жас ғалымдарға арналған «Yessenov Youth Forum» өтті.
Форумның қонақтары мен қатысушылары – жас ғалымдар, докторанттар, зерттеу орталықтары мен университет қызметкерлері, жергілікті мемлекеттік орган, мекеме басшылары.
Форумды университет Президенті Берік Ахметов алғы сөзбен ашып, қазіргі таңдағы елімізде, университетімізде жастарды қолдау мақсатында жасалып жатқан шараларды атап өтті.
Шараға жан-жақтан келген жас спикерлердің тың идеялары және жастық жігерлері қатысуларға ерекше әсер етті.
Талқылау Қазақстанның ғылыми қоғамдастығындағы жас ғалымдардың мүмкіндіктері мен перспективаларын анықтауға, сондай-ақ Қазақстандағы жастардың ғылыми қызметін одан әрі дамыту жолдарын іздеуге бағытталған.
Форумның екінші кезеңі «Тұрақты дамудың интеграцияланған шешімдері: сутегі энергетикасы, мұнай өңдеу және экологиялық тұрақтылық перспективалары»; «Жасанды интеллект: ғылымдар сабақтастығы»; «Әлемдік масштабтағы урбанизацияның өзекті мәселелері мен тенденциялары: экономикалық, басқарушылық және құқықтық аспектілер»; «Қазіргі білім берудің инновациялық дамуы: жаңа тәсілдер мен қазіргі зерттеулер»; «Туризм және қызмет көрсету индустриясы: қазіргі жағдайы, проблемалары» секциялық отырыспен жалғасын тапты.