XVI Республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары

18-19 сәуір күндері Yessenov University-де «Ғылым және технологиялар» факультетінің «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының ұйымдастыруымен XVI Республикалық пәндік Олимпиада өтті.

Олимпиадаға еліміздегі 16 жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Олимпиаданың мақсаты – үздік студенттердің білімдерді насихаттау, студенттердің кәсіби құзыреттіліктері мен даярлық сапаларын анықтау, кәсіби әлеуетін ашуға жағдай жасау.

Олимпиада 2 кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде студенттер теориялық білімдерін, ал екінші кезеңде эксперимент жасау арқылы білімдерін көрсетті.

Қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдеге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенті Пердебай Берік Мухтарұлы және Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенті Бекбулат Қайсар Радикұлы лайық деп танылды.

Екінші орын Астана Халықаралық университеті, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенттеріне берілді.

Үшінші орынды Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттері өзара бөлісті.