XVI Республикалық пәндік олимпиадасының салтанатты ашылуы

18 сәуір күні Yessenov University-де «B012-Химия мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының тобы бойынша ҚР ЖОО білім алушылары арасындағы XVI Республикалық пәндік олимпиадасы салтанатты түрде ашылды.

Олимпиаданың ашылу салтанатында сөз алған университетіміздің академиялық жұмыс жөніндегі вице-президенті Макулов Қайырбек Қалданбекұлы олимпиадаға қатысушыларға сәттілік тілей отырып, еліміздің білім мен ғылым саласындағы әр жетістігіне жастардың үлес қосуының маңыздылығын атап өтті. Ашылу салтанаты концерттік бағдарламаға ұласты.

Олимпиадаға келген 16 команда 2 кезеңнен тұратын сайыста бақ сынасуда: 1-кезең теориялық білімдері бойынша өтті, 2-кезеңде тәжірибелік білімдері бойынша сайысқа түсетін болады.

Олимпиаданың алғашқы күнінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен  келген білім алушылардың жетекшілері Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейіне барып аймақтың тарихы, салт-дәстүрімен, мәдениетімен танысты.

Бағдарлама бойынша 1-турдан кейін олимпиада қатысушыларына сергіту ойындар ұйымдастырылды. жан-жақтан келген қонақтарды қарт Каспийдің жағалауында серуендетіп, қаламыздың көрікті жерлерімен таныстыру кеші де ұйымдастырылды.