Өтебай Оралбай – «Huawei ICT Competition 2023-2024 Kazakhstan»

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын Yessenov University студенті Өтебай Оралбай ең жоғары балл жинап, барлық қатысушылар арасында «Huawei ICT Competition 2023-2024 Kazakhstan» Ұлттық финалының жеңімпазы атанды.

Huawei ICT Competition Huawei ICT Academy студенттеріне және бүкіл әлем бойынша ICT Academy-ге қосылғысы келетін жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.

АКТ жарысының ұлттық финалы 11 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында өтті, оған өңірлік байқаулардың жеңімпаздары қатысты.

Оралбайды жеңісімен құттықтаймыз және оған 18-21 желтоқсан аралығында Бахрейнде өтетін Халықаралық байқауда сәттілік тілейміз!