17 қараша күні «Халық арена» спорт кешенінде YESSENOV PARTY 2023 Yessenov University студенттеріне арналған кеш өтті!

Кеште университет басшылығы, демеушілер, оқытушылар және 2000-нан астам студент жиналды. Іс-шараға қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойналды.
 
Шара барысында ҰБТ бойынша ең жоғары баллға ие болған 10 адамға студенттік билеттер мен сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, сайлау арқылы анықталған Union студенттік кеңесінің жаңа президенті Санжар Баисбеков студенттерге таныстырылды.
 
Кеш одан әрі концерттік шарамен жалғасты.
Осында «Talent Show-2023» жобасының финалында жеңіске жеткен студенттер өнер көрсетті.
Одан кейін қазіргі уақытта жастардың арасында танымал Jay Leemo, Мира Нұрлыбек, Тұрар Ыдырыс сияқты әншілер кеш қонақтарының алдында әндерін шырқады.